jasqazaq.kz

Министр қазақстандықтарды Көбейтұз көліне бармауға шақырды

14 маусым 2021, 17:48

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарды Көбейтұз көліне бармауға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Халыққа есеп беру кездесуінде министрге «Қазіргі уақытта Көбейтұзға бару заңды ма?» деген сұрақ қойылды.

«Бір нәрсені нақты айта аламын. Біріншіден, былтыр әкімдік суға, тұзға талдау жасап, құрамында ауыр металдар көрсеткіші өте жоғары деген қорытындыға келді. Осы ақпаратты пайдалана отырып, тұрғындарды Көбейтұзға барудан бас тартуға шақырамын. Екіншіден, ерекше қорғалатын аумаққа келетін болсақ, бұл жергілікті атқарушы органның құзыреті: ол Ақмола облысы аумағында орналасқан.

Оны жергілікті режимдегі ерекше қорғалатын табиғи аймаққа айналдыруды ұсындық. Бірақ зерттеулерге байланысты, қазір әкімдік жұмыстарды жалғастырып жатыр. Мен жақын күндері облыс әкімімен келіссөз жүргіземін және осы мәселе бойынша жауап алуға уәде беремін», — деп жауап берді Мырзағалиев.

Тілшілер нақты жауап алу үшін министрге сұрақты қайталап қойды.

«Былтыр аудан әкімдігінің күшімен қоршау қойылды. Оған өтуге болмайды, көлдің өзі адамдар денсаулығы үшін қауіпті», — деді министр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия