jasqazaq.kz

Министр қазақстандықтар қандай жағдайда туды балконға іле алмайтынын айтты

04 желтоқсан 2020, 15:52

Мәдениет министрлігі мемлекеттік туды пайдалану ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жуырда қазақстандықтарға мемлекеттік туды үйлердің қасбеті мен балконға ілуге рұқсат етілген болатын.

«Қазақстанның мемлекеттік туы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік туды ұлттық стандарттардың талаптарын бұза отырып пайдалануына жол берілмейді», — деді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол мемлекеттік туға қойылатын нысандардың, мөлшердің және техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандарттарға сәйкес келмеушілік болып есептелетінін атап өтті. Айтуынша, мемлекеттік ту ұлттық стандарттарға сәйкес келмесе, ол Қазақстан үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстырылуы және жойылуы тиіс.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес, ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін туды заңсыз дайындағаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік туды қорлау нысанасы ретінде пайдалана алмайды», — деп мәлімдеді министр.

Сонымен қатар, ведомство басшысының сөзінше, қазақстандықтарға туды бір қабатты және көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулет ерекшеліктеріне қарамастан пайдалану мүмкіндігі беріледі.

Бұдан бөлек, азаматтар туды ғимараттарда тәуліктің қараңғы уақытында жарық құралдарын қолданбай пайдалана алады.

Министр бұл өзгерістер мемлекеттік тудың қолданылу аясын едәуір кеңейтетінін атап өтті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия