jasqazaq.kz

Министр қазақстандық көліктер үшін дизель отынының бағасы қанша болғанын айтты

25 тамыз 2022, 17:31

Қазақстандық көліктерге арналған дизель отынының литрі 230-260 теңгеден сатылып жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жыл сайын күзде дизельдік отынды тұтыну өсе түседі, бұл бірінші кезекте Қазақстанның оңтүстік шекарасынан жүк тасымалдайтын транзиттік вагондар санының артуына байланысты. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің күзгі дала жұмыстарына дизель отынын тұтынуы да артып келеді. Біз транзиттік вагондардың қазақстандық арзан дизель отынын тұтыну көлемін азайту мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп 22 тамызда бұйрық қабылдадық. Соған сәйкес дизель отынының шекті бағасы 450 теңге болды. Бұл ретте жүргізуші куәлігі мен қазақстандық үлгідегі тіркеу куәлігін көрсеткеннен кейін жүргізуші аймаққа байланысты литріне 230-260 теңге көлемінде жанармай құюға құқылы», — деді Б.Ақшолақов.

Министрдің айтуынша, жеке тұлғалар, яғни жеке көліктер үшін литрі 240-260 теңге бағасында жанармай құю лимиті тәулігіне 100 литр, жүк тасымалы үшін күніне 300 литр болмақ.

Ведомство басшысы қазіргі уақытта түрлі айла-шарғылардың алдын алу мақсатында тұтынушыларды тіркеу және дизельдік отынды беру үшін тексеру модулін құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұл модульді барлық жанар-жағар май құю станциялары желісі үшін қыркүйек айының ортасында іске қосу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қамтамасыз ету үшін күзгі дала жұмыстарына 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінген.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр