jasqazaq.kz

Министр: Кез-келген деструктивті діни идеологияға жол жоқ

30 қараша 2017, 15:32

Қоғамда кез-келген деструктивті діни идеологияны мүлдем қабылдамауды қалыптастыруымыз керек. Қазақстан дінтанушыларының VII Форумынының ашылуында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев осындай мәлімдеме жасады.

Министр заманауи кезеңдегі дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарына тоқталды.

«Қоғамда кез-келген деструктивті діни идеологияны мүлдем қабылдамауды қалыптастыруымыз керек. Бұл жерде бірлік пен жалпы ұжымдық күш-жігер маңызды. Елбасы мен мемлекеттік саясатты қолдау тек қана сөзбен емес, күнделікті мінез-құлықта, іс-әрекетте, тіпті сыртқы бейнесінде көрінетінін әр азамат өз жақындарына, таныстарына түсіндіруі қажет»- деп атап өтті Н.Ермекбаев.

«Кейбір адамдар мемлекет ұстанымына қарсы шықпаймыз, Елбасының саясатын қолдаймыз деп айта тұра, бірақ, мәселен, мектеп киім үлгісін сақтау туралы нормативтік құқықтық актілерді бұзады; заң талаптарына қарамастан өздерінің діни бірлестіктерін тіркеуден әдейі бас тартады; діни уәждерімен екпе егуден, қан құюдан бас тартады; интернеттен шетелдің радикалды дін уағыздаушыларының дәрістерін жүктеп таратады, Елбасымыздың Қазақстан халқына және салт-дәстүрлеріне жат сыртқы көріністерге жол бермеу туралы айтқандарына қарамастан, басқа елдерге тән қара киім кию, жағымсыз мұртсыз сақал қою, қысқа шалбар киюді жалғастыруда» — деді Нұрлан Ермекбаев.

Baq.kz хабарлағандай, форум жұмысына орталық мемлекеттік органдардың басшылары және өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, дінтанушы-ғалымдар, елдегі жоғары оқу орындарындағы дінтану кафедраларының тәжірибелі оқытушылары, ғылыми қызметкерлер мен діни бірлестік және ҮЕҰ-дардың өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында «Қоғамдық сананы жаңғыртуда дін саласындағы мемлекет саясатының рөлі» атты Қазақстан дінтанушыларының VII Форумы өтуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған форумның мақсаты — дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін ғылыми және сарапшылар қауымдастығын және ҮЕҰ-дың өкілдерін бірлесіп жұмыс істеуге шақыру болып табылады.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды