jasqazaq.kz

Министр имамдардың қанша жалақы алатынын жария етті

03 тамыз 2017, 15:11

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев қазақстандық имамдардың қанша көлемде жалақы алатынын жариялады.

“Бұл мәселе әсіресе алыс ауылдар үшін өте маңызды. Үлкен қалалардың имамдардың материалдық жағдайлары жақсы болғанымен, алыс ауылдарда олай емес. Имамдардың жалақысы жәшікке түскен садақаға тікелей байланысты. Біраз ауылдарда имамдар 20 мың теңгедей ғана алады”, – деді министр.

Министрдің айтуынша, енді имамдардың жалақысы 20-80 мың теңге аралығында болмақ. Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдар мен мешіт қызметкерлеріне арнайы ақша бөлмейді. Жергілікті әкімдіктерді де мешіттерге тұрақты көмек көрсетіп отыр деп айтуға келмейді деді Ермекбаев.

Сондай-ақ, қазіргі таңда еліміз бойынша 158 имам қажет екен. Бұған дейін министр дін саласындағы маңызды мәселелерді шешу үшін арнайы корпоративтік қайырымдылық қоры құрылғанын мәлімдеген болатын.

Stan.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде