jasqazaq.kz

Министр: Газеттер өзектілігін жоғалтпайды

10 желтоқсан 2018, 15:19

Бүгін Парламент Мәжілісінде Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев тілшілерге баспасөз басылымдарына мәжбүрлі жазылу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәжбүрлеп жаздыру қадамдарын қолдамаймын. Атап айтқанда, отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту үшін жағдай жасауымыз керек. Яғни адамдар қолжетімді түрде осы газеттерді сатып алу үшін мүмкіндіктер жасалуы қажет. Екіншіден, қызықты контент үшін де қолайлы жағдай тудыруымыз керек. Осы орайда ерікті түрде ғана жазылу қадамын қолдаймын», — деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін. Оның пайымынша, газеттер өзінің өзектілігін жоғалтпайды. «Менің ойымша, газеттердің өзектілігі жоғалмайды. Осы орайда зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, адамдар газетті оқуға, ондағы көтерілген мәселені тереңірек түсінуге көбірек уақыт жұмсайды. Егер онлайн мақаланы адамдар көз жүгіртіп 40 секундте шолып шықса, ал газетте 10 есе ұзақ оқиды. Бұл өз кезегінде жарнама берушілер баспасөз басылымдарын көбірек таңдайтынын білдіреді»,-деді Дәурен Абаев. Бұл тұрғыда ведомство басшысы бүгінде республикалық газеттер мазмұндық жағынан айтарлықтай ілгерілей түскенен атап өтті.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді