jasqazaq.kz

Министр еліміздің қанша мектебінде дене шынықтыру пәні өтпейтінін айтты

24 ақпан 2020, 11:47

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова еліміздегі қанша мектепте спорт залы жоғын айтты.

Ведомство басшысының айтуынша, ауыл тұрғындарының тек 30 пайызы спортпен шұғылданады екен.

«1970 мектепте спорт залы жоқ. Ауылдағы спорт сауықтыру кешендерінің желісі ауыл тұрғындарының 30 пайызын ғана қанағаттандырады. Бұл жағдай спорт секцияларының жұмысы мен жастардың спорт клубтарын құруды бұлай тұрсын, дене шынықтыру пәні бойынша міндетті сабақтарды толық өткізуге мүмкіндік бермейді», — деді министр мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында.

Сондай-ақ, ол мектептердің 37 пайызы қажет спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмегенін атап өтті.

Осы орайда Ақтоты Райымқұлова Қазақстанда қанша оқушы спортпен шұғылданынын жеткізді.

«Өңірлер ұсынған статистикалық мәліметтерге сәйкес, мектеп оқушыларының ішінде 1 миллион 365 мың бала спортпен шұғылданады. Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2019 жылы 5428 мектеп спорт залымен қамтамасыз етілген. Бұл ретте Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында және Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында мектептерді спорт залдармен қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейі байқалады», — деді ведомство басшысы.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия