jasqazaq.kz

Министр Дүйсенова Алмазбек Атамбаевқа жауап берді

09 қазан 2017, 15:38

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қырғыз елі басшысының сөзіне қатысты пікір білдірді.

Айта кетелік, 7  қазанда Алмазбек Атамбаев Қырғыз еліндегі сайлауға Қазақстан араласып отыр деп айыптап, бірқатар сыни пікір айтқан. Соның ішінде көрші елдің президенті Қазақстандағы зейнетақыны да қамти кетіп еді:

«Қазақстанның жалпы ішкі өнімі Қырғызстан экономикасынан 20 есеге үлкен. Қазақстанда жалпы ішкі өнімі бізден 10 есе жоғары. Бірақ неліктен көрші мемлекетте зейнетақы бізбен салыстырғанда жарты есеге ғана жоғары, тарифтері біздікінен 5 есеге көп» деп салған еді Атамбаев.

Бұл ретте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі әлеуметтік төлемдер Қазақстанның ішкі мәселесі екенін баса айтып, өз ойын ортаға салды, –  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазақстан мен Қырғыз Республикасы әрқашан бірін-бірі материалдық тұрғыдан қабылдап, бір-бірін қолдап, көмек көрсететін. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері мен оның деңгейі – бұл әрбір мемлекеттің ішкі мәселесі. Біз ешқашан басқа мемлекеттен ішкі төлемдердің мөлшері неге осындай деп сұрамаймыз. Әлеуметтік көмек пен қолдауға жұмсалатын шығыстар Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің 4,2 процентін құрайды. Қырғызстанда бұл басқа процесс. Біз ол туралы айтып, сынамаймыз ғой, өйткені бұл әр мемлекеттің өз шаруасы», — деп мәлім етті Тамара Дүйсенова бүгін БАҚ өкілдеріне.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде