jasqazaq.kz

Министр діншілдік пен радикализмнің айырмашылығын айтты

17 қараша 2017, 12:05

Еліміздің дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Министр Орал қаласында «Дін және ұлттық тарих» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференцияның ашылуында сөйлеген сөзінде Нұрлан Ермекбаев дінді ұстанушылардың толеранттылық қағидасын ұстануы және радикалдандырудың алдын алудың маңыздылығын атап өтті

Министр «Діншілдік пен радикализмнің арасындағы айырмашылықты қарапайым сөзбен айтсақ, дін жолында жүретін адам- өзінің құдайға деген сенімін жүрегінің түбінде ұстап, тек қана игілікті іс жасауға ұмтылады. Ондай адамдар ешкімді дін жолына күштеп түсіруге әреттенбейді. Ал, оның ұстанып отырған діни жолына қызығушылық танытқандарға аталған тұлға ашықтық танытып, қолдан келген көмегін аямайды. Міне дұрыс діни жолды ұстанған адам осындай әрекетімен ерекшеленеді», — деп атап өтті.   Сондай-ақ ол  «Егер басқаларға сеніміңді мәжбүрлеп таңып, кәнәлап, мінез-құлқың «дұрыс емес» деп айыптасаң, тозаққа барасың деп қорқытып, «кәпір» сияқты сөздерді қолдансаң- бұл радикализмнің белгілері. Құдайға сену — әрбір адамның жеке ісі. Өзге адамдарды діни жораларды толығымен орындамағаны үшін немесе сенбегені үшін айыптап, жазғыруға болмайды»- деді.

Министр өз баяндамасында Қазақстанның аумағында діннің пайда болуы туралы баяндап, сонымен қатар еліміздің тарихын, ұлттық және рухани дәстүрлерін білу және құрметтеу керектігін.атап.өтті.

Айта кетерлігі, ғылыми-тәжірибелік конференцияны Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Конференция аталған облыстың әкімі — Алтай Күлгінов,  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, отандық сарапшылар, теологтар мен дінтанушылар қатысты.

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті