jasqazaq.kz

Министр: Дауды реттеудің тәсілін таптық

22 қантар 2018, 15:33

Қазақстанның Энергетика министрлігі мен Қарашығанақ Консорциумының акционерлері арадағы дауды шешудің жолдарын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазір белсенді түрде келіссөздер жүргізудеміз.

Сонымен бірге, осы аптада менің орынбасарым мен Қарашығанақ акционерлерінің кезекті келіссөздер раунды басталады. Жалпы алғанда, дауды реттеудің тәсілдерін таптық, енді механизмдерін жетілдіруіміз керек. Екі тарап та келісімге келуге мүдделі, мәмілеге келе бастадық деуге болады», — деп жауап берді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына. Ол 2018 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін бекітілген қолданыстағы меморандумның ұзартылғанын еске салды. Бұған дейін БАҚ-та Қазақстанның Қарашығанақ кен орнынан алып мұнай-газ конденсатын өңдейтін BG Group Plc және Eni SpA компанияларының басшылығындағы консорциумға қарсы 1,6 млрд АҚШ доллары сомасына талап арыз жазғаны хабарланған еді. Қазақстан билігі мен консорциум арасында табыс үлесін есептеу бойынша дау туындаған. 2016 жылдың шілде айында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» акционерлерімен достық сипатта келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Қазақстанның арбитражға жүгінуге ниетті екендігі туралы ақпаратты теріске шығарды.

 

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды