jasqazaq.kz

Министр: Бала 3 жасқа толғанша жәрдемақы төлеуге бастама көтермекпіз

03 ақпан 2020, 13:43

Қазақстанда мүгедектер күтіміне жәрдемақы енгізілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Бала күтіміне жәрдемақыны арттыру мәселесіне бастамашылық жасамақпыз. Бүгінде ол бала 1 жасқа толғанға дейін төленеді. Біз бұл мерзімді 1,5 немесе 3 жылға дейін ұзарту нұсқасын қарастырып отырмыз. Қазіргі уақытта шамамен 387 мың ана бала күтіміне байланысты аталған жәрдемақыны алады. Оның ішінде Әлеуметтік сақтандыру қорынан алатындардың саны аздау ғана», — деді Біржан Нұрымбетов. Мәселен, оның дерегінше, жұмыс істемейтін аналар бюджеттен ай сайын 1 жыл бойы 15-24 мың теңге алып отырады. Ал жұмыс істейтін аналар Әлеуметтік сақтандыру қорынан ай сайын жалақысының шамамен 40 пайызын алады. Сонымен қатар министр мүгедектік бойынша жәрдемақыны қайта қарастыру жоспарланып отырғандығын айтты. «Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға мемлекеттік қолдау қажет. Біз мүгедектігі үшін күтімге жәрдемақы төлеу бастамасын көтермекпіз. Бүгінде ата-аналар мен қамқоршыларға мүгедек бала күтіміне, сонымен қатар бала кезінен бірінші топтағы мүгедек бала күтіміне жәрдемақы қарастырылған. Бірақ, бала кезінен мүгедек емес бірінші топтағы ересек мүгедектер бар. Олар да күтімді қажет етеді. Сондықтан қосымша жәрдемақы енгізу дұрыс болар еді. Бұл әзірше министрліктің жоспары ғана. Үкіметке және атқаушы органдармен келісуге әлі енгізілген жоқ», — деді ол.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия