jasqazaq.kz

Министр ауыл шаруашылығындағы субсидия мәселесіне түсінік берді

28 ақпан 2020, 14:50

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров субсидия саласында көтеріліп жүрген мәселеге жауап берді.

«Мемлекеттік қолдау шараларының тұрақтылығы мәселесіне тоқталсақ, шынында да бұл тақырып көптен бері көтеріліп келе жатыр. Талдауға сүйенсек, субсидиялау жөнінде 5 жыл ішінде өзгерістер мен толықтырулар 47 рет енгізіліпті. Айта кетеу керек, оның барлығы Үкіметтің немесе министрліктің тарапынан ғана енгізілді деп айтуға болмайды, бұл өзгертулер осындай талқылаулар кезінде, фермерлердің берген ұсынысы негізінде ескерілді. Әр субсидиялау қағидасына паспорт жасалады, бұл өзгерістердің көбісі сол паспорттарға енгізілген», — деді министр Сенатта агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда. ҚазАқпараттың хабарлауынша, С. Омаров бұл сала бойынша Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті тапсырма бергенін, соның аясында қажетті қадамдар жасалып жатқанын атап өтті. «Біз Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) сараптамасы бойынша Жасыл себетке кіретін мемлекеттік қолдау шараларын (өнім бағасын бұрмаламайтын субсидиялар) заңнамалық деңгейде 5 жылға тұрақтандыру нормасын енгізуді жоспарлап отырмыз», — деді ведомство басшысы. С. Омаров тиісті түзетулер әзірленгенін, енді Мәжіліс пен Сенат депутаттарынан оларды қарастыру мен бастамашылық етуде қолдау көрсетуді сұрады. «Субсидиялау қағидаларының жиі өзгеріске ұшырауы агроөнеркәсіптік кешен саласының жете қаржыландырылмауы мәселесімен де байланысты. Яғни, қаражат жетіспей қалады да, субсидиялардың бюджеттерін қайта жоспарлауға тура келіп жатады. Қазір жыл сайын субсидиялауға шамамен 300 млрд теңге бөлінеді, бұл ретте субсидияларға қосымша қажеттілік 100 млрд теңге шамасында деп бағаланады», — деді министр. «Өңірлер арасында субсидия сомаларының ауытқуына келер болсақ, бұл проблема шешімін тапты. Бюджет заңнамасына өзгерістер енгізіліп, алдағы «үшжылдыққа» (2020-2022 жылдар) ауыл шаруашылығын дамытуға арналған жалпы сипаттағы трансферттер бұрынғыдай өңірдің халық санына байланысты емес, өңірдің ауыл шаруашылығы жалпы өніміндегі үлесіне қатысты есептелді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын қолдауға арналған шығыстардың ең аз көлемі көзделді, бұл әкімдіктерге қаражатты өңірді дамытудың басқа да мақсаттарына жұмсауға мүмкіндік бермейді», — деді Сапархан Омаров.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия