jasqazaq.kz

Министр: Әскери бөлімнен ұрланған қарумен ешкімге ешқандай залал келтірілмеді

21 ақпан 2020, 17:42

Әскери бөлімнен ұрланған қарумен ешкімге ешқандай залал келтірілмеді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Келісімшартпен қызмет етіп жүрген ол әскери бөлімнен рұқсатсыз шығып, қару-жарақты алып қашып кеткен. Олар – атыс қаруына жататын автоматтар мен тапаншалар. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Сәйкесінше, бүгінде аталған қаруды алуға қатысты тергеу іс-қимылдары жүргізілуде», – деді ведомство басшысы Парламент Сенатында тілшілер сауалына жауап бере отырып. Оның сөзіне қарағанда, ертең барлық тергеу шаралары өткізілгеннен кейін, сондай-ақ сыбайластарды анықтау шаралары жүргізілген соң, яғни қарудың жасырынған жері мен анықталған орны туралы деректер бойынша қосымша мәлімет беріледі. «Бүгін тергеу амалдары жүргізілуіне байланысты және тергеу мүддесіне сай бұл ақпаратты толықтай жариялауға болмайды. Ертең толық ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына жария етемін», – деді Е.Тұрғымбаев. «Аталған қарудан ешкімге ешқандай залал келтірілмегенін айта аламын», – деп нақтылады министр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия