jasqazaq.kz

Министр 5G-ден төнетін қауіпке қатысты пікір білдірді

11 маусым 2020, 17:55

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев әлеуметтік желідегі 5G туралы алып-қашпа әңгімеге қатысты пікір білдірді.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 5G толқыны адамның иммунитетін төмендетіп, денсаулығына қауіп төндіреді екен. Ал Сnews.ru сайтының хабарлауынша, Ұлыбританияда 5G мұнарасын өртеу оқиғалары жиілеген. Тұрғындардың пікірінше, 5G коронавирустың таралуына ықпал етеді-мыс.

Асқар Жұмағалиев Қазақстанда 5G құралы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сынақтан өткенін атап өтті.

«Жабдық өте жоғары жылдамдықта жұмыс істейтінін көрсетті, яғни секундына бір гигабит ақпарат бере алады. Бюджеттен ешқандай қаржы қарастырылмайды. Себебі, телекоммуникация желілерін дамыту байланыс операторларының есебінен жүргізіледі», — деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Сондай-ақ, ол 5G-ден төнетін қауіпке қатысты өз ойын ашық айтты.

«Ұялы антенналардың адам денсаулығына әсеріне тоқталайын. Бір де бір антенна санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің рұқсатынсыз орнатылған жоқ. Әрбір базалық станцияға тиісті санитарлық паспорт беріледі. Тұрғын үйге ұялы антенна орнатылған кезде, ол арнайы талаптарға сәйкес орнатылады. Сондықтан тұрғындарға қорқудың еш қажеті жоқ. Тиісті медициналық ұйымдар бұл мәселені бақылап отыр», — деді Асқар Жұмағалиев.

Tengrinews.kz

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі