jasqazaq.kz

Министр 2%-пен берілетін баспананы кімдер алатынын түсіндірді

28 ақпан 2019, 18:23

Жалдамалы пәтер көпбалалы отбасыларға мамыр айынан бастап беріле бастайды. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министір Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде 340 мың көпбалалы отбасы бар, оның 28 мыңы тұрғын үй кезегінде тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, министрлік 7 жылдың ішінде, жыл сайын 6 мың жалдамалы пәтердің құрылысын жүргізбек.
«2025 жылға дейін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынады. Бүгінгі күні кезекте тұрған тұрмысы төмен көп балалы отбасылардың мәселесі толық шешіледі. Биыл мамыр айында біз көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтер беруді бастаймыз», — деді Скляр үкімет отырысында.
Ол ең төменгі жалақыдан (42 500 теңге) кірісі төмен тұрмысы нашар отбасыларға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 20 жылға жылдық ставкасы 2 процентті құрайтын жеңілдетілген несие берілетінін атап өтті.

Аталған несие түрі келесі санаттарға беріледі:
4 және одан көп баласы бар көпбалалы отбасыларға;
мүгедек баласы бар немесе тәрбиелейтін отбасылар;
кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасылар.
«Екі жылда біз оларға 22 мың 500 жеңілдетілген займ беруді жоспарлап отырмыз. Бұл үшін үш жыл ішінде республикалық бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінеді», — деді министр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда