jasqazaq.kz

Министр 2 кеншінің қалай аман қалғанын айтты

07 қараша 2021, 17:50

Қарағанды облысының Абай шахтасында көз жұмған 6 кенші метан газы тараған кезде құтқару құралын киіп үлгермей қалған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарғанды облысындағы онлайн брифингіде осындай мәлімет берді.

«Төтенше оқиға таңғы сағат 8.24-те болғанын айттым. Кенжарда кенеттен метан газы босап шыққан. Біз дачиктерді қарап шықтық. Диспетчерлік қызмет ауадағы метан газының концентрациясы бірнеше есе – 41 пайызға дейін артып кеткенін анықтады. Кенжардағы сегіз адамның алтауы тіпті құтқару құралын киіп үлгермей, сол жерден көз жұмған. Осы шахтаның кіреберіс ауызында болған 2 адам алғашқы құтқару құралдарын киіп үлгергендіктен, ауыр жағдаймен ауруханаға түсті. Әзірге алғашқы мәліметтер осындай. Метан газының босап шығуына не себеп болғанына келсек, оны комиссия анықтайды. Бәлкім қандай да бір технологиялық процестер бұзылды ма, метанның кенет шығуына не түрткі болғанын солар тексереді», — деді Юрий Ильин.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде