jasqazaq.kz

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мүмкіндіктер

04 шiлде 2019, 15:07

     Жарты жылдан соң еліміздегі медициналық қызмет негізгі екі пакет бойынша жұмыс істейді. Оған не кіреді? Екі пакеттің өзара айырмашылығы қандай? Осы тақырып төңірегіндегі жиі туындайтын сауалдарға Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің емхана жөніндегі орынбасары, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Нұрлан Отарғалиев жауап береді.

 

Jas qazaq:  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті деген не? Ал мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық көмекке не жатады?

Н.Отарғалиев: МӘМС пакеті дегеніміз – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті. Яғни, ай сайынғы жарна есебінен сізге келесі медициналық қызметтер көрсетіледі: консультативтік-диагностикалық көмек, қымбат зертханалық қызмет түрлері, тегін медициналық кепілдендірілген көмек пакетіне енгізілмеген сырқаттарға қатысты дәрі-дәрмек, жоспарлы түрде стационарлық және стационарды алмастыратын ем, медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіру. Ал тегін медициналық кепілдендірілген көмек пакетіне жедел жәрдем қызметі, инфекциялық індеттердің алдын алу, яғни профилактикалық екпелер, мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс ауыр жағдайдағы науқасқа көмек, санитарлық авиация, шұғыл стационарлық ем және паллиативтік көмек жатады. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен созылмалы аурулардың негізгі түрлерімен ауыратын науқастарға консультативтік-диагностикалық көмек, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетіледі. Амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, туберкулезге шалдыққандарды оңалту қызметі де осы пакет шеңберінде тегін жүреді.

Jas qazaq:Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша қай санаттағы тұлғалар жарнадан босатылады?

 Н.Отарғалиев: Белгілі санаттағы азаматтар жеңілдік ретінде мемлекет тарапынан сақтандырылады, яғни:

  • балалар;
  • ресми тіркеуде тұрған жұмыссыздар;
  • жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
  • үш жасқа дейін бала тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;
  • бала туу немесе жаңа туған сәбиді асырап алуға байланысты, үш жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыс алған тұлғалар;
  • мүгедек баланың күтіміне байланысты жұмыс істемейтін азаматтар;
  • зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандар;
  • қылмыстық-атқару мекемелерінде сот шешімі бойынша жазасын өтеп жатқандар;
  • тергеу изоляторларында қамаудағылар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталғандар немесе  ертеректе «Батыр-Ана» атағын алған көп балалы аналар, сондай-ақ «Ана даңқы»  орденінің  І және ІІІ дәрежесімен марапатталғандар;
  • мүмкіндігі шектеулі жандар;
  • орта деңгейде, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жаткан тұлғалар;
  • жұмыссыз оралмандар;
  • бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауына байланысты жұмыс істемейтін адам;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.

Jas qazaq:Жеңілдігі бар екенін азаматтар қалай біледі?

Н.Отарғалиев: Ол үшін e-gov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өз мәртебесін тексеруі қажет. Егер жеңілдігі бар азаматтар тізімінде жоқ болса, бірақ жоғарыда көрсетілген санаттан болса, онда растайтын құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыруы керек. Одан кейін жеңілдігін растайтын құжаттар мемлекеттік органдарға жіберіліп, бәрі дұрыс болса ол үшін жарнаны мемлекет төлейді. Жеңілдігі бар азаматтар тізіміндегілерге МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалана алады.

Jas qazaq:Ал жеңілдігі жоқтар қанша және қашан, қалай төлеуі тиіс?

Н.Отарғалиев: Егер сіз өзіңізді өзіңіз жұмыспен қамтушылар қатарынан болсаңыз, өзіңіз үшін келер жылдан бастап ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 5 пайызы мөлшерінде жарна төлей бастайсыз. Ол үшін «Қазпошта» АҚ кез-келген бөлімшесіне барып, аударуға болады. Төлем коды – 122. Осылайша медициналық сақтандыру пакетін келер жылдан бастап қолдана аласыз. Әрине, сіз МӘМС пактетінен бас тартып, жарна төлемесеңіз де өз еркіңіз. Бірақ, жоғарыда көрсетілген медициналық қызметтердің ақысы қымбатқа түседі. Ал МӘМС аз ғана айлық жарна арқылы медициналық көмектің барлық түрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал белгілі мекемеде жұмыс істейтіндер үшін жұмыс беруші өткен жылдың шілде айынан бастап ай сайынғы жалақының 1-1,5 пайызын төлеп келеді. Яғни, олар МӘМС пакетін толық пайдалана алады.

Сұхбаттасқан Жарас Кемелжан

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда