jasqazaq.kz

Миллиондап жинаған ақшасы аққұмырсқаға жем болған

26 тамыз 2019, 11:43


«Мен ақшаны аққұмырсқалар жесін деп жинаған жоқпын. Масқара, — деп жазды 23 жастағы Путри Баддин. Ол желіге ақша қалдықтарының суретін жүктеген.

— Егер ақшалар осылай қатты зақымдалған болса, оларды банкте айырбастауға бола ма? Айтып жіберіңіздерші», — деді бойжеткен. Жазба мыңдаған ретвит және жүздеген пікір жинады.

Бойжеткен ақшаны апасына беру үшін жинаған екен.»Мен апама үш миллионға жуық рупий бердім, бірақ ол ақшаны алғысы келген жоқ, — деп түсіндірді Баддин журналистерге. — Сол кезде мен оны шкафқа салдым да, апама ақша керек болған жағдайда сол жерден алуға болатынын айттым».

Сақтап қойған ақшаны жаратудың орнына апа үстінен тағы да ақша қосып, жинай берген. Сомма он миллион рупийге дейін жеткен. «Мен бұл туралы білмедім. Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмытып кеттім», — деді Индонезия азаматшасы. Ол апасы қайтыс болғанда шкафты ашып, аққұмырсқалар жеп қойған екі бума банкнот пакеттерін тапқан.

Паразиттер 5,4 миллион рупийді қалдырып, қалғанына зақым келтірген. Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды. «Олар рупий 33 пайыздан аса зақымдалмаған болса, ауыстырып береді екен», — деді Баддин.

stan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда