jasqazaq.kz

Милиция қызметкері өлім алдында видео жариялады

01 шiлде 2020, 10:51

Бішкекте криминалдық милиция қызметінің жедел уәкілі Бердібай Элакунов қайтыс болды, — деп хабарлайды «Вечерний Бишкек».

Дереккөз мәліметінше, ер адам ауруханада көз жұмған. Өлімнің себебі анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамнан пневмония анықталған.

Сондай-ақ, таяуда Элакуновтың коронавирустың қаупі туралы видео жариялағаны белгілі болды. Ол видеода аппаратқа қосылып, әрең сөйлеп тұрған екен.

«Жігіттер, саламалейкум! Сақ болыңыздар. Бұл қорқынышты, өте қорқынышты ауру екен. Сондықтан сақ болыңыздар. Маска тағыңыздар. Мұнда ұлттық аурухана адамдарға толы. Әлі қабылдамай жатыр. Оларды қаншама жедел жәрдем көлігі тасып жатыр. Қалада жағдай қорқынышты», — деген науқас.

Бұл видео желілерде тарап кетті.

Айта кетейік, бүгінде Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5 мыңнан асып кетті. 2 мыңнан аса адам сауығып, 57 адам қайтыс болған.

https://youtu.be/fVlMyEdD318

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде