jasqazaq.kz

Микроқаржы ұйымдары 28 мың борышкердің берешегін толық кешіреді

07 қараша 2022, 15:10


Микроқаржы ұйымдары 432 мың қарыз алушының проблемалық берешегін қайта құрылымдайды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Агенттік жыл басында кепілсіз онлайн микрокредит беру сегментіндегі 30 микроқаржы ұйымынан азаматтардың проблемалық микрокредиттерін төмендету жөніндегі жеке жоспарларын талап етті. Ұсынылған жеке жоспарлар аясында 2022 жылдың соңына дейін микроқаржы ұйымдары 33,1 млрд теңге сомасына 432 мың қарыз алушының проблемалық берешегін қайта құрылымдауды, 0,8 млрд теңге сомасына 107 мың қарыз алушыны ішінара кешіру және 0,6 млрд теңге сомасына 28 мың қарыз алушыны толық кешіру жоспарлаған», — деді Нұрлан Әбдірахманов.

Агенттік өкілінің мәліметінше, 2022 жылдың 1 қазанына микроқаржы ұйымдары 285,5 мың қарыз алушыға қатысты проблемалық берешекті төмендету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырды.

«Оның ішінде негізгі борыш пен сыйақы бойынша 66,4 мың қарыз алушының 585 млн теңге берешегі, 756 млн теңге тұрақсыздық айыбы толық және ішінара кешірілді. 4,8 млн теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептен шығарыла отырып, 15,3 млрд теңге сомаға 219,9 мың борышкердің микрокредиті қайта құрылымдалды. Агенттік жеке жоспарлардың орындалуын бақылауды жалғастырады», — деді Нұрлан Әбдірахманов.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр