Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Ми-8 тікұшақтарының ұшыру тоқтатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың тапсырмасы бойынша Ми-8 үлгісіндегі армиялық авиацияны қолдана отырып, арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді тексерісінің қорытынды кезеңі тоқтатылды», — деп хабарлады ведомстводағылар. Авиациялық апаттың себептері мен бір типті әуе кемелерінде оларды болдырмау жөніндегі алдын алу шараларының кешені өткізілгенге дейін шектеулер енгізілді.