jasqazaq.kz

Метро эскалаторы істен шығып, 30-ға жуық адам жарақат алды

24 қазан 2018, 10:06

Рим қаласының метросында эскалатордың істен шығуынан 30-ға жуық адам зардап шекті.

Олардың жетеуі ауыр жағдайда. Ресейдің Италиядағы елшілігінен мәлім еткендей, зардап шеккендердің арасында мәскеулік ЦСКА футбол клубының жанкүйерлері бар. «Барлығы 30 адам жарақаттанды: жетеуі ауыр жағдайда, тағы бес адамның денсаулығы «орташа ауыр» деп бағалануда, 18-і жеңіл жарақаттар алған»,- деді агенттіктің дереккөзі. «Repubblica» орталық метро стансысында оқиға болған уақытта ЦСКА-«Рома» матчын тамашалау үшін Олимпиадалық стадионға бара жатқан Ресей Федерациясының азаматтары да болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Олимпиадалық стадионға жету үшін бірқатар ресейлік жанкүйер метроға түскен. Кенеттен эскалатор жылдам қозғала бастаған. Жолаушылар түсіп үлгермей, бірінің үстіне бірі құлай бастаған. Олардың бірі аяғынан айырылған. Метро алаңына полиция қызметкерлері, құтқару қызметтерінің көліктері дереу жеткен. Кем дегенде бес жедел жәрдем көлігі оқиға орнынан адамдарды алып кетті. Жаңа бригадалар келуде. Метро стансысы жабылды. ТАСС агенттігіне Римдегі Олимпиадалық стадионнан мәлім еткендей, сағат 22.00-де басталатын футбол матчына 1,5 мың ресейлік жанкүйер келетіні күтілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді