jasqazaq.kz

Металл қабылдау пунктінде жарылыс болды

15 наурыз 2020, 21:31

Қапшағайда металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Ведомствоның мәлімдеуінше, оқиға 14 наурызда болған. Жарылыс салдарынан металл сынығын саралаушы қаза болды.

«Қабылдау пункті иесінің айтуынша, 13 наурызда кешке белгісіз үш адам (қазіргі уақытта ұсталған) металл сынықтарын алып келгені анықталды, металл арасында жарылмаған оқ-дәрілер болған. Оқиға дерегі бойынша тексеру жүргізіліп, барлық жағдай анықталып жатыр. Металл сынықтарын әкелгендер ұсталды», — деді Қорғаныс министрлігінде.

Бұл снарядтар «Қазақстан» жаттығу полигонынан заңсыз алынған болуы мүмкін. Онда жылына бес мыңға жуық зымыран атылады. Әр оқу кезеңінен кейін (сәуір-мамыр және қазан-қараша айларында) инженер-сапер тобының құрамы полигонды жарылмаған оқ-дәрілерден тазалап шығады. Дегенмен, жеке фрагменттер басқа жерге түсуі мүмкін.

«Қабылданған шараларға, тыйымдар мен белгілерге қарамастан, жекелеген «металл сынықтарын жинаушылар» тыйым салынған аумаққа заңсыз кіріп, оқ-дәрілер жинайды. Өз кезегінде, жинау пункттері әскери полиция органдары тарапынан жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстарына қарамастан, оларды заңсыз алады», — деді ведомствода.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ведомство бірнеше рет тұрғындардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін (бүлдіретін) металл сынықтарын, өзге де әскери және басқа заттарды қабылдауға тыйым салатын заңнамаға өзгертулер енгізгенін атап өтті. Қазіргі уақытта қызметтің осы түрін лицензиялау бастамасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізіліп жатыр, бүгінде ол әлі реттелмеген.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия