jasqazaq.kz

Месут Өзіл Түркия президентімен суретке түскені үшін ұлттық құрамадан кетті

24 шiлде 2018, 10:43

Германия футболшысы Месут Өзіл Түркия президентімен суретке түскені үшін ұлттық құрамадан кетті. Ердоғанның қабылдауында болған спортшыны неміс футбол қауымдастығы ақыры қуып тынды.

Әсіресе, ұйымның президенті Өзілді суреті үшін келімсек деп кемсіткен. Тіпті әлем біріншілігіндегі Германия құрамасының сәтсіз ойынын да осы футболшыдан көрген-ді. Шыдамның да шегі бар деген Месут Алмания үшін енді доп теппеймін деп шешіпті. Әлеуметтік желіде футболшы спорттан саясат іздегендерге өкпесі қара қазандай екенін жазған. Жеңсең неміссің, ал ұтылсаң мигрант болып шыға келесің дейді ол. Естеріңізге сала кетейін, Месул Өзіл мен Германия құрамасының тағы бір ойыншысы Илкай Гюндоған Түркия президенті Ренжеп Ердоғанмен суретке түсеміз деп бастары бәлеге қалған еді. Ата-тегі түрік Өзіл Германияда туып өскен. 2009 жылдан бері ұлттық құрама үшін доп тебеді. 2014 жылғы Әлем Біріншілігінің жеңімпазы. Бундестим үшін 92 ойын өткізіп,32 гол соққан. Неміс спортына қосқан үлесі үшін медальдарымен марапатталды. Енді ол ағылшындардың Арсенал клубының намысын қорғайды.

ktk.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді