jasqazaq.kz

Месси бесінші рет «Алтын бутсы» иегері болды

19 желтоқсан 2018, 10:49

Еуропаның спорттық басылымдарының қауымдастығы «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессиге «Алтын бутсы» табыс етті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА. Месси 2017/18 маусымындағы Еуропаның ең үздік бомбардиры атанды.

Өткен маусымда аргентиналық футболшы Премьер-лиганың 36 матчында 34 гол соқты. Аталмыш марапат үшін бақталаста ол мысырлық Мохамед Салахтың алдын орап кетті. М.Салах Премьер-лиганың 36 кездесуінде 32 рет гол салды. Л.Мессиге «Алтын бутсы» бесінші рет табысталып отыр. Бұған дейін марапатты 2009/10, 2011/12, 2012/13 және 2016/17 маусымдарда алған болатын. Месси «Алтын бутсы» сыйлығын ең көп иеленген футболшы. Екінші орында — бүгінде «Ювентус» сапында ойнап жүрген Криштиану Роналду. Оның еншісінде 4 жүлде бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде