jasqazaq.kz

Мешіттер мен шіркеулер қайта ашылады

26 тамыз 2020, 20:00

31 тамыздан бастап қазақстандықтар қайтадан мешіттер мен шіркеулерге бара алады. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша белгілі болды.

Отырыста нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.

«31 тамыздан бастап ұжымдық іс-шараларды өткізбей, діни нысандардың қызметін жеке келушілер үшін қайта бастау туралы шешім қабылданды», — делінген премьер-министрінің сайты.

Сондай-ақ, мәдениет, спорт және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметіне рұқсат етілген.

Айта кетейік, шіркеулер мен мешіттер наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимін енгізілгендіктен карантинге жабылды.

Мамыр айында карантин әлсірегеннен соң діни нысандар біраз уақытқа қайта қызметін бастады. Шілдеде карантин қайтадан күшейтілді.

Он төртінші тамызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құзыретті органдарға карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашуды ұсынды.

Stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия