jasqazaq.kz

Мешіттен гүл ұрлаған әйел видеоға түсіп қалды

09 қыркүйек 2020, 18:48

Алматы облысының полицейлері мешіттен гүл ұрлаған әйел адамды ұстады. Бұл туралы  Polisia.kz хабарлайды.

Портал мәліметінше, Талдықорған қаласының тәртіп сақшыларына қалалық мешіттің діни қызметкері хабарласып, ыдысқа отырғызылған гүлді белгісіз біреулердің ұрлап кеткені туралы айтқан.

Оқиға орнына келген жедел уәкілдер тергеу жұмыстарын жүргізіп, бақылау камераларының бейнежазбаларын зерттеген.

Жедел топ құрамында болған Талдықорған қалалық ПБ Шығыс ҚПБ учаскелік полиция инспекторы Ильяс Фурманұлы қаладағы шағынаудандардың бірінде тұратын 43 жастағы күдіктінің мекенжайын анықтап, ұстады.

Ұрланған гүлдер күдіктіден тәркіленіп, мешітке қайтарылды. Оның айтуынша, ол гүлдерді өте қатты жақсы көреді екен. Сондықтан бұл құмарлығына қарсы тұра алмай, ыдысқа отырғызылған гүлдерді ұрлап кеткен. Тексеру барысында әйелдің бұған дейін заңға қайшы әрекеті анықталмады.

https://youtu.be/K3HLopMmLuE

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді