jasqazaq.kz

Мешіттен ақша ұрлағандар ұсталды

25 наурыз 2021, 10:56

Қызылорда облысында бірнеше мешітке ұрлыққа түскендер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының 19-ынан 20-сына қараған түні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында орналасқан бірнеше мешітте ұрлық деректері тіркелген. Ұрылар мешіттерге түнде терезе арқылы кіріп, қайырымдылық жәшіктерін бұзып, жалпы сомасы 154 мың теңге ақшаны алып кеткен. Бұл туралы Жаңақорған аудандық полиция бөліміне зардап шектен мешіттердің имамдары хабарлады.

Хабарлама бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде күдікті екі азамат ұсталды. Күдіктілердің ағайындылар екені анықталды. Олар Түркістан облысының тұрғындары болып шықты. Ағайынды екеу жасаған қылмыстарын мойындап, ұрлаған ақшаларын өз қажеттіліктеріне жұмсап жібергенін айтты. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабының 3-бөлігінің 3-тармақшасына сәйкес (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия