jasqazaq.kz

Мешіттегі садақа жәшігіне ұрлыққа түсті

04 тамыз 2020, 9:36

Түркістан облысының полицейлері садақа жәшігіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады.

Түркістан ҚПБ-не жергілікті тұрғын, орталық мешіттердің бірінің қызметкері арызданады. Оның айтуынша, мешітке белгісіз біреу заңсыз кіріп, садақа жәшігінің ішінен 10 000 теңге ақшасын жасырын жымқырып кеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық” бойынша тіркелді. ​​​​​Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында қалалық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды.

Полицейлер барлық қажетті шараларды іске асырды. Көрген-білгендерден жауап алып, жақын аймақтарды, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған Кентау қаласының тұрғыны анықталды.​​​​​​​

Тергеу барысында күдікті мешіттің есігі ашық тұратынын пайдаланып, шарбағынан асып түсіп, ішіне заңсыз кіргені анықталды. Содан қағаз ақшаларын ала алмайтын болғасын, садақа жәшігін сілкіп, тиындарын шығарып, алып кеткені белгілі болды. Ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергенін мойындап отыр.

Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғын-үйлеріңізбен, басқа да ғимараттарыңызды жарықтандырып, күзет дабылын, бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді.

Ақпарат көзі Polisia.kz

09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде