jasqazaq.kz

Мешітте ұрлық жасаған жігіт ұятқа қалды

29 наурыз 2018, 17:29

Шымкентте намаз оқуға келген жас жігітті тонап кетті. Жаға ұстарлық жағдай қаладағы мешіттердің бірінде болған.

Алла үйіне құлшылық жасауға барған жас жігіт намаз оқу үшін сырт киімін шешіп қойған. Осы кезде сұқ қолды азамат оның қалтасындағы телефоны мен бағалы заттарын ұрлап кеткен. Намаз оқып шыққан азамат қалтасындағы телефонның қолды болғанын кейін байқаған. Бірден полицейлерге хабарласып, арыз жазыпты.

Мешітте ұрлық жасаған азаматты полицейлерге ұзаққа бармай-ақ құрықтап, қамауға алды. Алла үйінде қылмыс жасағандар бір емес, бірнеше рет қылмыс жасаған екен.

Нақтырақ айтқанда, күдіктінің шамамен 20 кісінің мүлкін ұрлау жайттарына қатысы бары анықталды.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде.

«Полиция бөліміне 27 жастағы жәбірленуші арызданған, онда мешітке барған кезінде белгісіз тұлға оның киімінің қалтасынан бағасы шамамен 30 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Шымкент ҚІІБ ПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20-25 жастағы күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылармен күдіктінің шамамен 20 кісінің мүлкін ұрлау жайттарына қатысы бары анықталды», -деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

NUR.KZ

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық