jasqazaq.kz

Мешітте ұрлық жасаған адам ұсталды

30 мамыр 2019, 13:27

Елордада полиция мешіттерде ұрлық жасап жүрген Ақтөбе облысының тұрғынын ұстады. 26 жастағы ер адам бұған дейін сотталған екен. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, ер адам күндіз мешітке кіріп, келушілердің сырт киімінің қалтасынан ақша мен ұялы телефондарын ұрлаған. Сонымен қатар ол түнгі уақытта ашық подъездерден велосипедтерді ұрлапты.
Күдікті бір айда 8 қылмыс жасағанын мойындады.

«Заттай айғақтар тәркіленіп, ҚР ҚК 188-бабына (Ұрлық) сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Оның осы тәрізді басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда», — дейді полициядағылар.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті күдіктінің заңға қайшы әрекетінен зардап шеккендерден полицияға жүгінуін сұрады.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары азаматтарды мұқият болуға, жеке заттарын қараусыз қалдырмауға шақырды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда