jasqazaq.kz

Мешітте ұрлық жасады

10 наурыз 2020, 12:57

Алматы облысында мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды. 

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Іле ауданының Полиция басқармасына «Жәпек батыр» ауылының тұрғыны хабарласып, Чапаево елді мекеніндегі мешітте оның қалтасынан ірі көлемде қаржының қолды болғанын жеткізген. «Жедел-іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қылмысын мойындаған күдіктінің хабарлауынша, ол таксиде келе жатқан кезде тап мешіттің жанында көлік бұзылған. Жүргізушіге көлігін жөндеуге көмектескен ол жанындағы мешітке қол жуу үшін кірген. Сол жерде ілініп тұрған сырт киімді көріп, қалтасып тексерген. Қалтадағы 40 мың теңгені алып, жартысын әйеліне берген, қалғанын өз керегіне жұмсаған», — деп толықтырды Іле ауданы Полиция басқармасының анықтаушысы полиция капитаны Мақсат Нұрсейітов. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұған дейін де өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын анықтады. «Қылмысты ашуға оқиға орнында түсірілген бейнежазбалар көмектеседі. Сондықтан, жеке қауіпсіздік үшін азаматтарға қоғамдық орындарда, сондай-ақ жеке үйлерде бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береміз. Сонымен қатар, жеке заттарыңызға мұқият болуға және оларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз»,- деп атап өтті Мақсат Нұрсейітов. Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия