jasqazaq.kz

Мешітке талонмен кіргізетін болған ба?

23 мамыр 2018, 10:17

Шымкент жұртшылығынан мешіттегі ауызашарға кіру үшін талон талап еткен. Бұған ауыз бекіткен жамағат наразылық танытып, ренжігендерін жасырмайды. Өйткені, ауызашар дастарханын мешіт емес, бай-қуатты жандар жаятын көрінеді.
NUR.KZ  хабарлағандай, Шымкенттегі Абдул Хамит Қаттани мешітінде қасиетті Рамазан айында ауызашарға кіру үшін талон сұрайды.
Жұрт арасында «дін қызметкерлері талонды сатады» деген де хабар тараған.
Ал мешіттегілер болса талонның сатылатынын жоққа шығарып отыр. Бірақ ауызашар дастарқанына талон арқылы жіберетінін мойындады. Өйткені солай етуге мəжбүр екен.
«Ауызашар дастарханынан араққа сылқия тойып келетіндер мен ауыз бекітпегендер де дəметеді. Оның үстіне келгеннің барлығын мешітке сыйғыза алмаймыз. «-дейді Абдул Хамит Қаттани мешітінің имамы Ералы Есенгелдиев.
Мешітке ауызашарға келгендер арасында талоны болмағандар кикілжің шығарып, тіпті төбелеске дейін барады екен. Мешіт өкілдері белгіленген саннан артық кісіні жібере алмайтынын алға тартып, сауаптар молынан жазылатын қасиетті айда шу шығарғандар мен ренжіскендерді сабырлыққа шақырды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді