jasqazaq.kz

Мешіт тәртібін бұзған азаматқа айыппұл салынды

05 желтоқсан 2019, 15:38

Атырау қаласында үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған Салауат Досмұхановқа 505 000 теңге айыппұл салынды. Бұдан бір жыл бұрын әкімшілік жаза қолданылған С.Досмұханов араға бір жыл салып мешіттің тәртібін тағы да өрескел бұзған. Яғни, биылғы 28 қыркүйек күні 20 сағат 45 минут шамасында Атырау қаласы, «Иманғали» орталық мешітінінің тәртібіне бағынбай, «Құптан» намазы үстінде имамның ғибадат ету тәртібін сақтауға шақырған сөзін тыңдамай, оған қарсы шығып, «Әмин» сөзін дауыстап айтқан. «Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігі мешіттерінің ішкі тәртіп ережесіне» сәйкес, мешітке келушілер Ханафи мазхабына сай құлшылық жасауға, намаздағы «Әмин» дұғасын іштей айтуға міндетті екенін біле тұра, намазға ұйыған мешіт жамағатының тыныштығын бұзған. Намазда имамның артында бірінші қатарда тұрып «Әмин» сөзін дауыстап айтқан С.Досмұханов өзіне ескерту жасаған мешіт қызметкерлеріне дөрекі мінез көрсетіп, айқайлап сөйлеп, олармен жағаласып, алысқан. Сот отырысында С.Досмұхановтың кінәсі мешіттің бейнежазбасы және жанында намазда тұрған адамдардың куә болуымен толығымен анықталды. Куә болғандар оның мешіттің ішкі тәртібін үнемі осылай бұзатынын айтты. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Салауат Досмұхановты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 490-бабының 8-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танып, қызметке тыйым сала отырып, оған әкімшілік жаза ретінде 505000 (бес жүз бес мың) теңге әкімшілік айыппұл салуға шешім шығарды.

Дереккөз: islam.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда