jasqazaq.kz

Мерзімі өткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды деп танылады

12 мамыр 2020, 15:05

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ауыстыру 10 шілдеге дейін айыппұлсыз жүзеге асырылады.

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 26 наурыздан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды және бірқатар мемлекеттік қызмет, атап айтқанда жеке басты куәландыратын құжаттарды қайта рәсімдеу бойынша қызметтер көрсетілмеді. Сондықтан ҚР Үкіметі азаматтардың кейбір құжаттарын жарамды деп тану туралы қаулы қабылдады:

1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» ҚР Заңының 6-бабында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттар;

2) жүргізуші куәліктері, оның ішінде уақытша, міндетті техникалық тексерістен өткендігі туралы куәліктер;

3) азаматтық және қызметтік қарулар мен олардың патрондарын алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар;

4) визалар, Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар, еңбек иммигрантына және жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар.

Төтенше жағдай кезінде жарамдылық мерзімі өткен жоғарыда аталған құжаттар күші жойылған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде, яғни 10 шілдеге дейін жарамды деп танылады.

Polisia.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі