jasqazaq.kz

Меруерт Түсіпбаева: Тұрмысқа шыққым келді, бірақ оның қойған талаптары ұнамады

25 тамыз 2021, 13:31

50-ге келгенде ғашық болдым деп жар салған Меруерт Түсіпбаева тұрмысқа шыққысы келгенін жасырмайды. Бүгінде материалдық дүниелерге деген қызығушылығы басылған әншінің қалайтыны тек қана — махаббат пен жан тыныштығы. Алайда әншінің екінші рет ақ көйлек киемін деген арманы әзірге орындалмайтын көрінеді. Сүйіктісінің қойған талабы мен оған берген жауабы жайлы Түсіпбаева Paparazzi бағдарламасында айтты.

«Тұрмысқа шыққым келді, ойым болды. Бірақ маған қойылған талаптар менің бүгінгі күнгі ойыма, өмір сүру дағдыма сәйкес келмеді.

Ол кісіні жақсылап тыңдадым, бірақ қойған талаптары ұнамады. Менің бүгінгі күні еркелеп жүруім халыққа… Білесіздер, ойымды еркін айтатын, ешкімнен тайсалмайтын, атым бар, затым бар, өзімнің үйім бар, күйім бар…

Солай жүрген адамды «болды, сен сол кісінің әйелісің» деп бір қалыпқа салып қою.. Тіпті өнерден де бас тартуға тура келетін сияқты», — дейді Меруерт.

Әнші сүйікті адамын ашық әңгімеге тартып, өз жауабын берген.

«Біз бір-бірімізбен ашық сөйлестік. Мен «жағдайдың бәрін осы қалыпта қалдырайық, өмірімді өзгертуге дайын емеспін» дедім. Бәлкім жалғыздықтан шаршаған шығармын, бәлкім тұрмысқа шыққым келген шығар», — дейді әнші.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия