jasqazaq.kz

Меруерт Түсіпбаева Мәдинаны орнына қойды

11 қыркүйек 2018, 16:53

Отандық эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева «Если честно» бағдарламасына сұхбат берген Мәдина Сәдуақасова туралы өз ойын айтты. Ол бағдарлама жүргізушісі Тимур Балымбетовтың Жанар Дұғалова мен Мәдина Сәдуақасованы салыстырғанына таң қалғанын жазды әнші Instagram парақшасында.

Түсіпбаева бағдарламада Мәдинаның сұрақтарға сақ жауап беріп отырғанын айтқан. Сондай-ақ ол бағдарлама жүргізушісінің Сәдуақасова мен Жанар Дұғалованы салыстырғанын үлкен қателікке балаған.

Әншінің сөзінше, Жанар Дұғалова дәл Димаш Құдайбергендей тума талант. Ол екі тілде өлең жазатын дарынды ақын, өз қолтаңбасы бар композитор.

Осы орайда жүргізуші сұрағын түсінбеген Түсіпбаева Мәдина мен Жанардың арасын жер мен көкке балады.

«Жанар үшін «Түрквижн» — тек бастау, көресіздер. Мен бес жыл бұрын Димаш туралы да осылай жазғанмын. Оны Света да біледі. Мен Жанар мен Мәдинаны салыстыру керек емес деп ойлаймын. Кешірім өтінемін, Бибігүл Төлегенова апайымыз айтқандай, жер мен көктей» , — деген ол өз жазбасында.
Одан бөлек, әнші Дильназ Ахмадиева «Бір бала» әнін дәл Мәдина Сәдуақасова сияқты жүрекке жеткізіп орындай алмайтынын жеткізді. Сондай-ақ  ол сұрақты орыс тілінде қоятын Тимур Балымбетовке де өкпесін айтты.

NUR.KZ

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді