jasqazaq.kz

Меруерт Түсіпбаева: Күйеуге шығатын жігітті жасанды пәктікпен алдай салған дұрыс

01 қараша 2017, 10:39

Әнші Меруерт Түсіпбаева пәктігінен айырылып қалған қызға оны жасатып алуға кеңес берді. Жігіттер мұндай шындықты ұнатпайды әрі жылдар өткеннен кейін бетіңе басуы мүмкін деген Түсіпбаева көпшіліктен ақыл сұраған бойжеткенге өз ойын осылай жеткізді,-деп жазды Stan.kz.

«Еуразия Бірінші» арнасындағы «Кешкі кездесу» бағдарламасына пәктігінен айырылып қалып, тұрмысқа шығуға қорқып жүрген қыз бетін жауып келді. Ол психологтан, имамнан тағы да бағдарлама қатысушыларына басындағы жағдайды айтып, кеңес сұраған еді.

«Мені мектеп кезінде бір жігіт қатты сүйді. Оны ұнатпай, басқа жігітпен көңіл қостым. Бірнеше жыл жүріп аяғым ауыр болды. Оны жігітіме сүйіншілеп жеткізген кезімде «Қандай бала? Негізі менің отбасым бар» деп айтты. Баланы алдырдым. Енді сол мектепте маған ғашық болған жігіт үйленуге ұсыныс жасап отыр. Ол мені өте тәрбиелі деп таниды. Енді жақын күндері ата-анамызға айтып, үйленудің қамына кіріспекші. Не істерімді білмей отырмын»,-деді бойжеткен.

Бағдарламаға қатысып отырған имам және психолог, үш қыз тәрбиелеген ана бойжеткенге жігітті алдамау керектігін айтты. Ал әнші Меруерт Түсіпбаева болса тура осы жерде шындықтың ғашықтар қарым-қатынасын құртатынын айтты.

«Неге бәріңіз шындықты айт дейсіздер? Ертең ол жігіттің көңілі суып кетеді. Оданда кешірімді Алладан сұрап, жігітті алдаған дұрыс. Себебі сен шындықты айтқаныңмен ол кешірмей қалса қалай болады? Кешіргеннің өзінде бірнеше жылдан кейін бетіңе басса ше?. Біз тең жаратушыдан ғана кешірім сұрауымыз керек.

Жаңа имам кісі де солай айтты ғой. Жігіттен кешірім сұрау міндетті емес. Қазақтың жігіттері пәктікке қарап қалған. Мысалы мен келінім пәк болмаса да жақсы қабылдаймын. Балам екеуі бақытты болса болды. Екеуі қырылысып жүрсе мен оның пәктігін қайтемін?»,-деді әнші.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық