jasqazaq.kz

Меруерт Түсіпбаева: Қозы мен Баян қосылғанда бір-бірінің көзіне шөп салар еді

16 сәуiр 2019, 17:12

«Егер Қозы Көрпеш пен Баян сұлу қосылып, бірге өмір сүрсе, олар бір-бірінің көзіне шөп салып, ырду-дырду болар еді», дейді әнші Меруерт Түсіпбаева. Ол бұл туралы Oibay Show жобасына берген сұқбатында айтты.

Әншінің пікірінше, мәңгілік махаббат деген жоқ.

«Неге Қозы-Көрпеш пен Баян сұлуды, Қыз Жібек пен Төлегенді жырлаймыз? Өйткені ол марқұмдар бір-бірімен қосыла алмаған. Ромео мен Джулетта да солай. Ал олар қосылғанда бір-бірінің көзіне шөп салып, ырду-дырду боп жүретін еді. Ғашықтардың бір-біріне қолы жетпесе – сол махаббат. Ал бір-бірін тауып қосылса, өмірлері әдемі болады дейсіз бе? Жоқ, махаббат бес жыл ғана. Одан соң ырду-дырду, қырылыс, алыс-жұлыс, неше түрлі жағдайлар басталады отбасында», — дейді ол.
Сөз соңында Меруерт ханым өзіне бір жігіттің ғашық боп жүргенін де жасырмады.
«Ол маған ғашық. Маған онысы ұнайды. Ал әйел адам өзінің сезімі туралы айтпауы керек, бұл сондай қулық», — деп жұмбақтап сөйледі Меруерт ханым.

sputnik

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда