jasqazaq.kz

Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзовадан сериалға кеткен ақшаны қайтаруды талап етті

04 қантар 2018, 13:19

Баян Алагөзованың продюсерлігімен түсірілген “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” телехикаясы қоғамда екіжақты пікір қалыптастырды. Ерлан Қарин бастаған бір топ аталған телехикаяға жастардың қызығушылық танытқанын алға тартып, Баян Мақсатқызын қолдады. Алайда телехикаяда тарихтың бұрмаланғанын, аңыздың жұпыны күйде берілгенін айтып, дабыл қаққандар да жетерлік, деп хабарлайды Stan.kz.

Олардың қатарында белгілі журналист Арман Сқабылұлы мен әнші Меруерт Түсіпбаева да бар.

“Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” сериалында Баян кейіпкер: “Қодарды жақсы көрсе, әке-шешем өздері тиіп алсын”, – деді. Шашалып қалдым”, – дейді Арман Сқабылұлы.

Ал Меруерт Түсіпбаева: “Менің ойымша, парламент қасиетті жәдігерлерге қол сұғылмаушылық туралы заң шығаруы тиіс. Осылайша тарихымызды қорлау түгілі, оған тиісуге де жол бермеу қажет”, – деген еді.

Елдің сынына “Қазақстан” РТРК басшысы Ерлан Қарин жауап берді. Ол жастар арасында сериалға деген қызығушылықтың үлкен екенін айтып, Баян Алагөзованы жақтап шықты. Қариннің жауабы Түсіпбаеваны қанағаттандырмады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баян Алагөзовадан сериалға кеткен қаржыны қайтаруды талап етті.

“Ұлттық арнаның басшысының жауабы. “Баян сулу” сериалы жайында… Сіздер мен біздердің – яғни бюджеттен бөлінген-салықтан xалықтан жиналған қаржымызға түсірілген сериал жарамсыз – деп табылды. Онда қаржы қайтарылсын. Қазақи, ана тілімізді толық меңгерген продюсерге беріліп қайтадан түсірілсін”, – дейді Түсіпбаева

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды