jasqazaq.kz

«Мерседес-Бенц» автокөлігінен 9 келіден астам есірткі тәркіленді

13 қыркүйек 2018, 20:55

Алматы облысы Райымбек ауданының аумағында жүргізілген рейд барысында Жалаңаш ауылына жақын маңда тәртіп сақшылары «Мерседес-Бенц» автокөлігін тоқтатып, оның жүксалғышынан ірі көлемде есірткі тапты.
Baq.kz хабарлағандай, «Шетелдік көлікті 28 жастағы азамат басқарған, ал машинада 19 жастағы жолаушы болды. Екі азамат та – Талғар ауданының тұрғындары. Автокөліктің жүксалғышын тексеру барысында полицейлер жалпы салмағы 9 килограмм 339 грамм болатын марихуана тауып, оны тәркіледі. Ұсталған тұлғалар жергілікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта есірткі тасымалдау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп хабарлайды Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктілер мекенжайын ауыстырмау туралы міндеттемемен босатылды.
Айта кетейік, ІІД таратқан ақпаратқа сәйкес, облыстың тәртіп сақшылары жыл басынан бері 4 тоннадан астам әртүрлі есірткіні заңсыз сауда айналымынан тәркілеген.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді