jasqazaq.kz

Мерекенің өзінен бірнеше жас күйеуі сыйлық жасап, жүрегін ұшырды (видео)

25 мамыр 2018, 15:16


Таяуда шаңырақ көтерген Арсен мен Мереке көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Соған қарамастан Арсен әйелімен арасындағы жас айырмашылығын ғана емес, оған деген сезімін де жасырмайды. Бұл жолы ол жұбайына себепсіз сыйлық жасап, жұртты сүйсіндірді.
Stan.kz.  хабарлағандай, КТА ойыншысы Мерекенің күйеуі Арсен Акиев әйеліне тосынсый жасап таңғалдырды. Ол аталған сәттің видеосын Instagram-парақшасында жариялады.
Видеодан байқалғандай, Арсен сыйлаған үлкен қораптың ішінен жүрек тәрізді шарлар шығады. Ал қораптың әр шетіне ерлі-зайыптының суреттері жапсырылған.
Мұндай сыйлықты күтпеген Мереке бастапқыда таңданып, тосырқап қалды. Ал қорапты ашқанда, ішінен тосыннан шыққан шарларды көріп, шошып та кетті.
«Сонша сенбей тұр ғой. Осылай арасында сыйлық беріп тұрғанның айыбы жоқ шығар, ағайын. Мен романтик емеспін, сүйемін бірақ», – деп жазды Арсеннің өзі.
Өз кезегінде желі қолданушылары Арсеннің сезімі мен әрекетіне тәнті болып, жастарға бақыт тілеп жатыр.
Айта кетсек, бұған дейін Мерекенің күйеуі өзін “кәрі қызға үйленді” деп сынағандарға өлеңмен жауап берген еді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді