jasqazaq.kz

Мереке күндері қосымша пойыздар жүреді

04 наурыз 2019, 14:58

Алдағы көктем мерекелері қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша біржолғы пойыздарды жолға шығарады.

ҚазАқпарат  жазғандай, нақты айтқанда, аталған компания дерегіне сәйкес, №202/201 «Астана-1-Павлодар» пойызы қатынайтын болады. Жолаушылар көлігі Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады. №204/203 «Астана-1-Алматы-1» пойызы Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1-ден 21, 25 наурыз күндері; №205/206 «Алматы-2-Арыс-1» пойызы Алматы-2-ден 7, 21 наурыз күндері, ал Арыс-1-ден 9, 23 наурыз күндері қатынайды. №241/242 «Қызылорда-Атырау» пойызы Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан кері бағытта 21, 23, 25 күндері жүреді. Сонымен қатар  №49/50 «Алматы-2-Орал» бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы-2-ден 13 наурыз күні шықса, Орал қаласынан 16 наурыз күні кері қатынайды. «Компания әр уақытта пойыздардың жолаушылармен толуын қадағалап, арнайы сараптама жүрігізіп отырады. Осы сараптаманың негізінде жолаушылар тарапынан сұранысты қанағаттандыру үшін қосымша вагондар мен поездар іске қосылады. Алдағы мерекелер қарсаңында ұлттық тасымалдаушы вагон паркін 100 пайыз пайдалануды көздеп отыр», — деп атап өтеді компаниядан.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда