jasqazaq.kz

Мереке күндері қатты аяз күтілуде

29 желтоқсан 2020, 20:26

Аяздың көтерілуіне байланысты еліміздің бес өңірінде ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында температура күрт төмендеп, 27-32 градусқа дейін аяз көтеріледі, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түнде аяз 30-35 градусқа дейін, кей жерлерде 38 градусқа дейін көтеріледі.

31 желтоқсан 1 қаңтар аралығында Ақмола, Павлодар облыстарында ауа температурасы 30-35 градусқа күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде 38 градусқа дейін аяз болады.

31 желтоқсанда Қарағанды облысында ауа температурасы 25-30, кей жерлерде 35, 1 қаңтарда 30-35, кей жерлерде 39 градусқа дейін төмендейді.

1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 31-36 градусқа төмендейді, кей жерлерде 39 градус аяз.

Қатты аяз кезде техногендік өрт көбейіп, халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің коммуналдық жүйеде авария шығуы, көліктің бұзылу көбеюі мүмкін. Сонымен қатар үсіп қалу, авариялық-қалпына келтіру жұмысын жүргізу барысында пәтердердегі жағдайдың нашарлау ықтималдығы бар. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар министрлігі ауа температурасы өте төмен болған кезде далаға шықпауға, балаларды көшеге шығармауға кеңес береді.

Ескерту жарияланғаннан кейін туыс-көршілеріңізді ескертіңіз, өйткені олар бұл туралы хабарсыз болуы мүмкін.

Қатты аяз болған жағдайда далаға шықпаңыз, жеке автокөлікпен ешқайда бармаңыз.

Егер сізге әлі де сыртта жүру керек болса, үсіп қалмас үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасауға тырысыңыз.

Аязды күні далаға қолғапсыз, бас киімсіз және мойынорауышсыз шықпаңыз. Су және суық өткізбейтін, іші жылы қолғап киген дұрыс. Үскірік соғып тұрғанда сыртқа шықпас бұрын, дененің ашық жерлерді арнайы креммен майлаңыз.

Аязда металдан (соның ішінде алтын, күміс) жасалған әшекей – сақина, сырға және т.б. тақпаңыздар. Біріншіден, металл тез суық тартады, теріге жабысып, адам жарақат алуы мүмкін. Екіншіден, саусақтағы сақиналар қалыпты қан айналымын тежейді. Жалпы, аязда денеге темірді тигізбеуге тырысыңыз.

Желден қорғану керек, себебі үскірікте үсіп қалу ықтималдығы әлдеқайда жоғары. *

Табаны таймайтын аяқ киім киіңіз, қажет болған жағдайда табанға жабысқақ лейкопластырь жапсырыңыз.

Қатты аяз және көктайғақ кезіндегі жол аса қауіпті орын болып табылады.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия