jasqazaq.kz

Мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

08 наурыз 2021, 16:30

Түркістан облысында шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Сарыағаш ауданынының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында үш қыз дүниеге әкелді. Бүгінде мерзімінен ерте туған нәрестелер №1 Облыстық перинаталдық орталығындағы дәрігерлердің бақылауында.

«Үш қызымның рақатын көрейін енді. Үйімде тағы екі ұл мен екі қызым асыға күтуде. Мереке қарсаңында босанып отырмын. Осы орайда, ақ халатты әйелдер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дәрігерлерге мың алғыс», — дейді ана. Жаңа туған сәбилерге Жәния, Рабия, Сания есімдері берілді. Ақ халаттылардың біліктілігі мен күтімінің, тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтар аман қалып, аналары оларды бауырына баса алды. Себебі, жеті жарым айлық болып өмірге келген шақалақтардың өкпесі дұрыс дамымай, бәрі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Айта кетсек, жыл басынан бері орталықта 1 571 бала дүние есігін ашқан. Олардың 38-і егіз болса, екеуі үшем.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия