
Шымкентте «Мерейлі отбасы — 2022» байқауына қатысуға өтініш білдірген белсенді отбасылар саны артты. Былтыр конкурсқа қатысуға 110 отбасы ниет етсе, биыл 128 отбасы құжат тапсырған.
Қазіргі таңда төрт аудан бойынша аудандық деңгейде өткен конкурс өз мәресіне жетті. Абай ауданы бойынша – 33, Әл-Фараби ауданы – 30, Еңбекші ауданы – 31, Қаратау ауданында 34 отбасы тиісті құжаттарын тапсырып, жеңімпаздарды анықтау бойынша құрылған комиссия өз шешімдерін шығарды. Әр ауданнан 4 отбасыдан жалпы 16 отбасы жеңімпаз деп танылып, олар қалалық кезеңге жолдама алды.
Атап айтатын болса, Абай ауданы бойынша — Тоқтиевтар, Қаржаубаевтар, Сыздықовтар және Шаймырзаевтар отбасы.
Әл-Фараби ауданы бойынша — Бидайбековтар отбасы, Абдихановтар отбасы, Шамшиевтер отбасы, Баймахан отбасы.
Еңбекші ауданы бойынша — Байбосыновтар отбасы, Бақтыбаевтар отбасы, Тенизбаевтар отбасы, Шукуровтар отбасы.
Қаратау ауданы бойынша — Жақыповтар отбасы, Есенамановтар, Бойшевтар және Адилбаевтар отбасы.
Конкурстың І-ші кезеңіне белсене қатысқан барлық отбасыға аудан әкімінің алғыс хаттары табысталып, құрмет көрсетілді.
Қалалық кезеңінің жеңімпаздары 15 шілдеге дейін анықталатын болатын. Қалада үздік деп танылған отбасылар республикада бақ сынайды.
Өткен жылы ұлттық байқауға қатысу үшін110 өтініш түскен. Екінші кезеңге төрт ауданның әрқайсысынан төрт отбасы өтіпті. Осылайша 16 әулеттің арасынан Алиевтер отбасы үздік шығып, республикалық байқауға жолдама алған.
Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. 2021 жылы ұлттық комиссия бастамасына сай жаңа форматта ұйымдастырылды. Бұған дейін әр өңірден екі жеңімпаз отбасы анықталып, республикалық кезеңге жолдама алатын.
Тоқтар Жақаш