jasqazaq.kz

Mercedes жүргізушісі полицейді сүйреді

28 қазан 2019, 14:18

Алматы облысында Mercedes-Benz жүргізушісі жол бойында есігіне адам қыстырып, сүйреген.

 Оқиға 26 қазанда 18:04-те болан. Оқиға орнында түсірілген видеоны редакцияның WhatsApp +7 777 001 44 99 нөміріне жіберген. Видеодан көліктің қатты жылдамдықпен қозғалғанын көруге болады. Ашық тұрған есікке адам қысылып қалған. Бірнеше метр жүрген соң, көлік тоқтап адам жерге құлайды. Авто ары қарай кетіп қалады. Ер адам орнынан тұрып, ақсаңдап артқа қарай жүгіреді. Жақындай келе оның патрульдік полицей екенін аңғаруға болады.  Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның Еңбекшіқазақ ауданында «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолында болғанын айтады. 26 қазанда полицейлер Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатқан, оның тізгінінде кәмелетке толмаған бала отырған. Кейін оқиға орнына 52 жастағы автоның иесі келген. Ештеңе түсіндірместен, ол көлікке отырып, қашып кетпекші болған.  «Полиция қызметкері оны тоқтатпақшы болған, алайда ол инспекторды 50 метрге сүйреп, патрульдік көлікті қағып, қашып кеткен. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілген. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы («Билік өкіліне бағынбау») іс қозғалған», — деді Алматы облыстық ПД өкілдері.  Авто тәркіленіп, арнайы тұраққа жеткізілді. Кәмелетке толмаған балаға әкімшілік жаза тағайындалады. Облыстық полиция департаменті осы істі бақылауға алған. Зардап шеккен полицей медициналық тексерілуден кейін, қызметін жалғастырды.  Осындай жағдай 11 тамызда Медеу ауданында болған еді.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде