jasqazaq.kz

Менингококк жұқтырған сарбаз көз жұмды

15 қазан 2018, 9:54

Ақтауда менингококк инфекциясын жұқтырған сарбаз кеше, 14 қазанда қайтыс болды. Бұл туралы «Лада» басылымына өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев хабарлады.

Оның айтуынша, сарбаздың өмірін аман алып қалу үшін тәжірибелі дәрігерлер жұмылдырылған. «Сарбаз сағат 09.33-те қайтыс болды», — деп хабарлады ведомство өкілдері. «ИнАктау» мәліметінше, әскери қызметкердің өлімінің алдында оған іріңді менингоэнцефалит диагнозы қойылған. Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте Ақтауда әскери қызметшінің менингококк инфекциясымен ауруханаға түскені хабарланған болатын. Дәрігердің сөзіне қарағанда, әскери бөлімнің медициналық қызметінің басшысы міндетін атқарушының айтуынша, мерзімді қызметтегі сарбаз 27 қыркүйекте медициналық-санитарлық бөлімге барған, ол соңғы үш күнде есінен танғанын, денесінің құрысқанын, дене температурасының 39 градусқа дейін көтерілгенін, басының ауырғанын, терісіне бөртпелердің шыққанын, лоқсығанын және әлсірегенін айтқан. Ал кейінірек оған іріңді менингит диагнозы қойылғаны жайлы хабарланған еді. Бұл мәліметті Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин растаған болатын.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді