jasqazaq.kz

Менингитке қарсы тегін вакцина салынбайды

29 мамыр 2018, 17:41

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, еліміздің Бас санитары Жандарбек Бекшин тегін екпе енгізу үшін науқастардың саны жеткіліксіз деп, ел азаматтарын өз бетінше ауруға қарсы екпе алуға шақыруда. Ал оның құны жиырма мыңнан асып жығылады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі жатпай-тұрмай осы кеселден құтылудың амалын табуға бел шеше кіріскен. Мұндағы басты мәселе, науқастар уақытылы қаралмайды екен. Сол үшін Алматыға ең мықты деген эпидемиологтар мен бактериологтар тобын жіберген. Олардың міндеті ауру тасымалдаушыларын анықтауы тиіс. Министрлік өкілінің айтуынша, олар бүкіл жұқпалы дерт ауруханаларын аралап, қарқынды жұмыс істеп жатыр екен.

«Бұл белсенді зертханалық әдіс деп айтуға болады. Сондықтан, осы жұмыс арқылы біз екі тасымалдаушыны анықтадық»,- деді Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.

Былтыр аурудан 11 адам көз жұмған. Ал биылдыққа 62 адам осы дертке ұшырап, қазірдің өзінде содан 8 адам бақилық болыпты. Төртеуі Алматыда, тағы Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында екі-екі адамнан қайтыс болған. Бірақ, денсаулық сақтау министрлігі ел тұрғындарына жаппай екпе салдыруға асығар емес. Өйткені, науқастар саны аз дейді Бас санитар. Жалпы елімізде жаппай екпе салдыруға жататын инфекцияның 21 түрі бар екен. Бірақ, оның ішіне менинингит кірмеген.

«Елімізде иммунопрофилактика, вакцинация мәселесі көзделген жоқ. Неге десеңіз, ел бойынша осы менингит ауруының деңгейі төмен деңгейде. Мысалы, вакцинация енгізу үшін ел бойынша бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 2-ден асу керек»,-деді ол.

Әзірге мемлекеттік және жекеменшік емханаларға осы ауруға қарсы вакцинация мөлшерін ұлғайту жөнінде тек ұсыныс жасалған. Министрлік одан артық ештеңе айта алмай отыр.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді