jasqazaq.kz

Менің университетім, менің өмірім

05 мамыр 2021, 9:38

Менің Алатаудай асқақ арманым мені Алматы шаһарына, Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне жетеледі. Осыдан бірнеше жыл бұрын арманыма айналған білім ордасы, қазіргі кезде шындыққа айналып, сонау көне қалам- Таразадан ат терлетіп, арман қала – Алматыға бас тіреген жайым бар. Мен университеттің есігін айқара ашқан күннен бастап, мені жаңа әлем, жаңа адамдар, жаңа достар күтіп тұрғанын оған қоса мойнымда үлкен жауапкершіліктің барын сезіндім. Өйткені осындай заңғар университеттің студенті атану әркімге бұйыра бермес бақ деп білемін. Ал енді осы басыма қонған бақты аялау әрі қарайғы менің басты міндетім. Әл – Фараби бабамыз өз сөзінде: « Бақытқа жеткізетін еркін әрекет — тамаша әрекет» дегендей, сол тамаша әрекеттің бірі – ол білімге деген құштарлық деп санаймын.

Университетке аяқ тірегелі бері өзімді нағыз телегей теңіз білім ордасына, жалынды жастардың қатарына енгеніме өте қатты қуанамын. Өйткені, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміз бен біздің жастарымыздың басты байлығы — сапалы білім екенін өзінің сөйлеген сөздерінде бірнеше рет атап көрсеткен болатын. Осы сапалы білімнің қара шаңырағы, Қазақстандағы білім беру жүйесінің тірегі, ескінің көзін көрген, 80 жылға жуық бай тарихы жинақталған ұлттық университетте еліміздің түкпір түкпірінен, алыс – жақын шет елдерден келіп, оқып жатқан студенттер жетерлік. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші ,әрі әлемдік білім нарығындағы бәсекеге қабілетті, әлемдегі ең үздік университеттер арасында 165-ші орынды иемдене білген, Қазақстандағы нөмері бірінші университет сонымен қатар білім мен ғылымның ұлттық көшбасшысы.
Университет қабырғасында жан – жақты, біліктілігі жоғары, қазақтың керемет ақын – жазушыларының алдын көрген, сол ұлы кісілерден дәріс алған оқушы-профессорлар, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, доценттер қызмет атқарады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Университетімізде 14 факультет шоғырланған, олар: механаника-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. Осы жерде білім алатын барша студенттер үшін жан-жақты даму үшін, көшбасшылық қабілетті қалыптастыру мақсатында, өз-өзін кемелдендіріп, еркін, заманауи дамыту үшін бар жағдай жасалған. Сол бар мүмкіншілікті пйдалана білу, әр студенттің өз қолында.

Мәселен, интернет орталығы, Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, мұражай, тамақтандыру комбинаты, студенттерге қызмет көрсету орталығы «Керемет», компьютерлі- техникалық жабдықтар, WI-FI сымсыз интернет желісі , ауқымы кең спорттық кешен сынды орталықтар орналасқан. Онымен қоса ең бай кітапхана – Әл- Фараби атындағы кітапхана орналасқан. Қойнауы кітапқа бай, зәулім сарайлы кітапханамызда әр студент өзінің керегін еш қиындық-сыз қол жеткізе алады.

Университеттің ерекшелігі және өзіме қатты ұнағаны – студенттер үйі де, 14 факультет ғимраттары да, жоғарыда аталған кешендердің барлығы бір қалашықтың ішінде орналасқандығы. Оған қоса барлығы да әр студенттің қауіпсіздігі үшін байне камералармен жабдықталған. Қалашықтың табиғаты өте тамаша! Айнала қоршалған жасыл желекті ағаштар, хош иісті гүлдер,саф, таза ауасы, ең бастысы шыңы аспенмен таласқан заңғар Алатау орналасқан. Сол Алатаудың шыңы әр студентті, жалпы әр адамды биікке жетелейтіндей көрінеді.

Автор: Әбжәмиев Нұрперзент

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия